Түркістан жасыл аймаққа айналады.

Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш көшеттері отырғызылады. Өткен  2018  жылдың  күз  айында  қаланың  негізгі  көшелері мен Шәуілдір тасжолының бойына  46 000 түп  ағаш  көшеттері  отырғызылып, қаланы суландыру бағытында 6  жерден  терең  ұңғымалы  скважина  құдықтар  қазылған болатын.

Өз кезегінде бұл жұмыстар жалғасын тауып биылғы жылы қаланың барлық аумағын қамтып, 100 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл көшеттердің денін шөлмен суға төзімді жиде, қара ағаш, емен тайланд және жеміс ағаштарының түрлері құрайды. Жоспарлан ағаш көшеттері тазалық мекемесінің жұмысшылары мен сенбіліктерге ат  салысқан қаладағы барлық ұжымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қала жастарының күшімен отырғызылуда.

Сонымен қатар, Түркістанның кіре беріс төрт қапталынан жаппай «Павловния» ағашын (10 мың түп) отырғызу қолға алынды.  Осылайша Түркістанды жасыл желекпен көмкеру қызу жүруде.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз-қызметі.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…