Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі

Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің кешкі уақыттардағы жол жүруіне наразылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдарында және «Youtube» видеохостингінде жарияланған бейнежазба С.Қожанов көшесіндегі «Алпамыс» аялдамасы түсында түсірілген. Осы бойынша, Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан мониторниг жұмыстары жүргізілуде. Анықталған кемшіліктер бойынша тасымалдаушы «Жолаушы» ЖШС-не 05.02.2018 жылы №11-04-08/71 санды ескерту хаты жолданды.

Сонымен қатар, кешкі уақыттарда жолаушылардың аялдамаларда тұрып, қоғамдық көліктерді күтіп қалуының өзіндік себептерінің бірі  қаланың сол аумағында ең үлкен екі мектебінің орналасуы. М.Жұмабаев атындағы 15 мектепте жалпы саны 3802,  Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде жалпы саны 1624, екеуін қосқанда 5426 оқушы білім алады. Оның ішінде екінші ауысымында яғни, кешкі уақыттарда сабақтан қайтатындары №15 мектептен 1876 оқушы, №2 мектептен 821 оқушы, екі мектептен кешкі уақытта шығатын оқушыларлдың санын қосқанда 2697 оқушы.  Осы оқушылардың кем дегенде 15 пайызы 400 астам оқушы болады. Оған сол екі мектептің мұғалімдерімен сол аумақтағы мекемелердің жұмысшылары қосылғанда 500 жолаушыдан асады. Яғни, бұл жолаушыларды қоғамдық көліктер бірден тасып үлгере алмайды. Бағыттардың арақашықтығы 10-15 минут аралығында болғандықтан, бұл жолаушыларды тасуға сол аймақтан жүретін маршруттардың әр бағыт бойынша кемінде 3-і қажет. Соның салдарынан жолаушылар қоғамдық көліктерді 20-30 минут күтіп қалу мүмкін.

Түркістан қаласындағы қоғамдық көлік тасымалын ретке келтіру мақсатында, 2018 жылдың 4-ші тоқсанында тасымалдаушы «Жолаушы» ЖШС-і қалаішілік қоғамдық көліктерде қатынайтын 60 шағын автобустарды (микроавтобус)  жылы жаңа (7 жылға дейінгі) орта сиымдылықтағы автобустармен жаңартқан. Сонымен қатар, 2019 жылы 5 дана орта сиымдылықтағы жаңа автобустар алынды. Алдағы уақытта қосымша 15 жаңа автобус  алу жоспарланып отыр.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…