ТҮРКІСТАНДА ОН БІР IТ-СЫНЫП ЖҰМЫС ЖАСАУДА

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалының қолдауымен қыркүйек айында балалар мен жасөспірімдер орталығында IТ-сынып ашылған болатын. Онда оқушылар бағдарламалау мен роботтық техника негіздері бойынша дәріс алады. 
Ал, сыныпты қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға жергілікті бюжет есебінен 3 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған. Мұнда ақысыз түрде 8 бен 16 жас аралығындағы кез келген оқушыға қалауынша тіркеліп, бос уақыттарын тиімді пайдалануға жол ашады. Ақпараттық технологиялар дамыған заманда жеткіншектерге роботтық техникалармен жұмыс жасап үйрену – заман талабына бейімделуге мол мүмкіндік туғызады.
«Сынып топпен жұмыс істеуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйретеді. Сабақ оқушылардың бос уақытына қарай алты күн бойы екі аусымда оқытылады. Орталықта құрамында 15 оқушыдан құралған 4 топ бар. 3 пен 9-сыныптардың қызығушылығы жоғары», - деді IТ-сыныбының жетекшісі Батырәлі Көшербаев. 
Дәл осындай сыныптар қалалық білім бөліміне қарасты он мектепте ашылған. Атап айтқанда, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Н.Төреқұлов, Ж.Еділбаев, С.Ерубаев, С.Сейфуллин, Ататүрік, Некрасов, Хамза, «Дарын» мектептерінде үйірме сабақ ретінде бекітілген.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Top
Разработано с JooMix.
We use cookies to improve our website. By continuing to use this website, you are giving consent to cookies being used. More details…